Оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі - ОӘК) - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік мәселелер бойынша консультативтік-кеңесші орган, ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрамына кіреді.

ОӘК өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі туралы» ережені және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

Қазіргі уақытта ЦАУ базасында ОӘК жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 55 +27 +7 мамандықтарына оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

 

ОӘК қызметінің негізгі бағыттары:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары бойынша пәндердің типтік оқу жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбаларына сараптама ұйымдастыру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен, Ұлттық тестілеу орталығымен және т.б.