Үздік оқытушы

Сізді жоғары кәсіби білім саласындағы «Үздік оқытушы» құрметті атағымен құттықтаймыз!   Бүгінде  білім беру жүйесінің  дамуына, оқу-әдістемелік саласын жетілдіруге, инновациялық технологияларды енгізуге атсалысып үлкен атаққа ие болып отырсыз.  Сіз ұстаздық ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа бөлеп жүруден жалықпайтын жансыз.  Сіздің жұмысыңызға   шығармашылық табыс, зор денсаулық және ғылымның шыңынан көріне беруіңізге тілектеспіз. 
                                                                                                      Ректорат